Ресей мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, Киев пен Украинаның басқа қалаларындағы бейбіт тұрғындардың қаладан шығып кетуіне мүмкіндік беру үшін әскери күштер оқ атуды тоқтатады.
Ал Киев оған күдікпен қарайды. Украинаның Мариуполь қаласындағы шайқаста "ресейлік күштер атысты тоқтатуға келісілген уақытта қаланы атқылауды жалғастырды" деп мәлімдеді Киев.
Киев іргесіндегі Ирпин қаласынан тұрғындар қашуға тырысқанда, төрт адам көз жұмған. Оның ішінде бір әйел екі баласымен бірге миномёттан қаза тапты.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді "шабуыл кезінде бейбіт тұрғындарды өлтірді" деп айыптады.
Мұнай бағасы Украина дағдарысы салдарынан соңғы 13 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді.
Украина қорғаныс шенеуніктері Ресей Киевке жаппай шабуыл жасауға дайындалып жатқанын ескертті.
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің талаптары орындалмайынша, әскери әрекеттер тоқтамайтынын айтады. Ол Қырымды Ресейдікі деп тану, сепаратистік ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындау туралы шарт қойып отыр.
Пікір қалдыру