БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі басшысы Мартин Гриффитс Украина мен Ресейді соғыстан қашқан бейбіт тұрғындардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге шақырды.
"Ресейдің оқ жаудыруы қоршауда қалған Киев, Мариуполь, Сумы және Харьков сияқты қалалардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп отыр" деп хабарлады Украина тарапы.
Украина бұған дейін Ресейдің бейбіт тұрғындарға елден бас сауғалау туралы ұсынысын қабылдамады, Киевтің мәліметінше, ашылған көптеген жолдар тек Ресейге немесе оның одақтасы Беларуське апарады.
Ресей-Украина бейбіт келіссөздерінің үшінші раунды аздаған келісімдермен аяқталды. Оған сай гуманитарлық дәліздер ашылмақ. Төртінші раунды сейсенбіде өтеді.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Мәскеу еуропалық санкцияларға жауап ретінде одаққа табиғи газды тоқтату арқылы жауап қайтаруы мүмкін екенін ескертті.
Мәскеу басқыншылық соғысын тоқтату үшін Украинадан НАТО мен ЕО-ға қосылмайтынына кепілдік беруді, Қырымды Ресейдікі деп танып, сепаратистік ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындауды талап етіп отыр.
Пікір қалдыру