Караван басылымының журналисі Александра Мыскина Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерін ақпараттық соғыстар этносаралық бейбітшілікті бұзуына жол бергіздірмеуге үндеп, "Қазақстан менің Жерұйығым" флешмобын бастайтынын мәлім етті.
"Біз Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз. Кейбіреулер Қазақстандағы орыстарды неден құтқарғалы жатыр? Мол дастарханнан ба, жөргектен бастап өсірген әжелердің аялы алақанынан ба? Қазақ халқының даналығы мен шексіз мейірімінен бе? Біз қазақ тілін үйренуге дайынбыз, үйреніп те жүрміз. Өйткені жан жүрегімізбен қазақтарды жақсы көреміз. Жаңа мектептер ашылып жатқанына қуаныштымыз, олардың қазақша екені бізді еш қаймықтырмайды. Бастысы "Кел, балалар, оқылық" деп Алтынсарин айтқандай, біз балаларымыз бейбітшілікте білім алғанын қалаймыз. "Қазақстан менің Жерұйығым" флешмобын бастаймын" дейді журналист facebook-тегі жазбасында.
Бұған дейін TikTok-та Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қазақстандағы орыс ұлтын шеттету жағдайлары барын айтып, Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін өзін қауіпсіз сезіне бастағанын, сол үшін Ресейипрезиденті Владимир Путинге алғыс білдіретінін жеткізген.
Қазіргі уақытта видео авторы Елизавета Матвеева есімді азамат екені, прокуратура оны видеосын зерделеп жатқаны белгілі болды.
Пікір қалдыру