Алматы қаласы әкімдігі қоршаған орта қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын қалыптастыратын бірнеше жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келісімге келді. Әкімдік «Астана банкі» және «Автогаз Трейдпен» меморандумға қол қойды. Келісімшарт нәтижесінде «Астана банкі» 50-ге жуық спортзал салады. Ал, «Автогаз Трейд» болса, автокөліктерге арналған көгілдір отын құятын 20 бекет салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Түрксіб ауданында көпсалалы спорт кешені де бой көтермек. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алматы - еліміздегі ірі қаржы орталығы. Сондықтан қаладағы кәсіпкерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыру кезек күттірмейтін мәселе. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлердің бүгіні мен ертеңін екшеді. «Астана банкі», «Автогаз Трейд» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды.
«Алматылықтармен кездескен кезде оларда өз ризашылығын біздің кәсіпкерлерімізге білдіруде. Сондықтан да бүгінде бірқатар біздің кәсіпкерлеріміз өзінің ұсынысын акиматқа білдіріп, бірнеше келісімшарттарға қол қоятын боламыз»,- деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.
Келісімшарт нәтижесінде «Автогаз Трейд» қаладағы көліктерге арналған көгілдір отын құю бекеттерін салады. Сонымен қатар, Түрксіб ауданында көпсалалы спорт кешені бой көтермек. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жасалып отырған жоба,- дейді әкімдіктегілер. «Астана банкі» де қызметтен қалыс қалмады. Қала аумағы бойынша 50 әлеуметтік спорт алаңқайын салмақ.
«Спорт алаңқайларын салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, «Коворкинг» жобасы бар. Бұл жұмысын енді бастаған кәсіпкерлерге пайда табуға жақсы мүмкіндік бермек»,- деді Банктің басқарма төрағасы Ескендір МАЙЛЫБАЕВ.
Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясынды фин технологиясы бойынша құрылыс комбинаты салынады. Бұл жылына 200 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Жоба өндірістік аймақта тұрғызылады.
Өндірістік аймақ - Алматы экономикасының өсуінің маңызды бөлігі. Индустриялық аймақта 80-ге жуық кәсіпорындар бар. Осы аумақта қызметін бастайтын жобалар заманауи инновациялық негізде өнеркәсіп өндірісін дамытып, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге серпіліс бермек.
Пікір қалдыру