BBC: Путиннің мақсаты бастапқы кездегіден өзгерді

/image/2022/03/17/crop-9_8_380x607_577c7526-df63-49d6-b66c-dbb7881a5c9a.jpeg

"Ресей президенті Владимир Путин Украинаға шабуыл жасап, Киевті тез арада жеңу туралы ойынан қайтқан сияқты" деп хабарлады BBC.

Басылым Путин мұны Ресей тарихындағы шешуші сәт деп санайтыны анық екенін жазады.

BBC ақпаратына сәйкес, Ресей президентінің бастапқы мақсаты Украинаны басып алу және оның үкіметін құлату болған. Ол Киевтің НАТО-ға қосылуға деген ұмтылысына түбегейлі тосқауыл қоюды көздеген.

Путин орыс халқына мақсатын "Украинаны демилитаризациялау және де-нацификациялау" деп түсіндірген. Ол сонымен қатар қатар, өз мақсаты сегіз жыл бойы Украина үкіметінің қорқытуы мен геноцидіне ұшыраған орыстарды қорғау екенін айтқан. "Украина жерін басып алу біздің жоспарымыз емес. Біздің ешкімге күш көрсету ниетіміз жоқ" деген ол.

Ресей күштерінің Украинаға басып кіруі салдарынан ондаған елді мекендер мен қалалар қирады, әскерилермен қоса, бейбіт тұрғындар қаза тапты, миллиондаған адам босқынға айналды. Ресей оккупациясына қарсы украиндар бірігіп, қатты қарсылық танытып жатыр.

Бомбылау жалғасуда, бірақ бітімгершілік келіссөздерінің соңғы мәліметтері Ресей енді украин үкіметін құлатуды мақсат тұтпайтынын, оның орнына бейтарап Украинаны көздеп отырғанын көрсетеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар