Журналист Наурыз мерекесін ерекше атап өту жолын ұсынды

/image/2022/03/19/crop-8_230_562x1000_20607b8e-3c86-4fab-bff9-bc1ae9d54c81.jpeg

Журналист, Ақпарат саласының үздігі Ілияс Ысқақов Наурыз мерекесін Жаңа жыл деңгейінде тойлауға шақырып, ерекше бастама көтерді. Ол үшін «Жаңа күн» концепциясы ұсынылып отыр. Концепция Наурыз мерекесін – «Жаңа күн» мерекесі деп белгілеуді көздейді. Мақсат – «Жаңа күнді» қазақтар ғана емес, күллі қазақстандықтардың мерекесіне айналдыру.

Журналист ұлыстың ұлы күні қазақстандықтар үшін жаңа жыл секілді ортақ мереке ретінде қалыптаспай келуінің себебін  Наурызды өзге ұлт өкілдері  қазақтың ұлттық мерекесі, жаңа жылы деп қабылдайтынымен байланыстырады. Сондықтан Ілияс Башарұлы 22 наурызды баршаға ортақ «Жаңа күн» мейрамы ретінде бекітуді ұсынады. Одан бөлек, ол «Жаңа күн» мейрамының да өз нышаны болуы керек екенін алға тартады. Башарұлының сөзінше, мерекенің белгісі ретінде күн символикасы таңдалса, мейрамда күн пішімдес ашық хаттар мен сыйлықтар табысталуға тиіс.

Фотоны журналист Ілияс Ысқақов ұсынған

Фотоны журналист Ілияс Ысқақов ұсынған
Фотоны журналист Ілияс Ысқақов ұсынған


– Адамдар үшін бұл күн қайта түлеуді, жаңаруды, тазалануды білдір
мек. Қайта қалыптасу мен жаңалықтың энергиясы нұр шашатын күн. Жандүниеңді  тазартып, зұлымдық пен қатыгездіктен арылуға, сүйіспеншілікке, татулыққа, бейбітшілікке, ауызбіршілікке шақырады. Жаныңды, отбасыңды, үй-ішін тазалауды міндеттейді. Жылылық пен жаңа үміт әкеледі.  Бұл күні адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып, кешірімді болуға шақырады. Татулық пен достықты паш етеді. Осының бәрі әрбір азаматқа ортақ тілек, қасиет! Ендеше «Жаңа күн» идеологиясын әрбір қазақстандықтың бойына сіңіріп, жылда «Жаңа күн» мерекісін барлығымыз қарсы алатындай, ұлтқа, ұлысқа бөлінбей барлығымызға ортақ мереке ретінде тойлайтындай дәрежеге көтеретін кез келді деп ойлаймын, – дейді журналист.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар