
Агенттік дереккөзіннің мәліметінше, Нығматулин алдымен жеке ұшақпен ел астанасынан Атырауға, артынша Comlux компаниясының бортымен Әзербайжан астанасы Бакуге ұшып кеткен. "Осы арқылы ол ізін жасырғысы келді" дейді КазТАГ дереккөзі.
"Дереккөз Нығматулиндер отбасында жеке ұшақ бары интернеттен белгілі екенін, Нығматулин Дубайға болсын, Лондонға болсын емін-еркін ұшып кете алатынын айтады. Алайда Нығматунин алдымен Атырауға, сосын Әзербайдан астанасынан басқа паспортпен кез келген елге ұшып кету үшін осындай маршрутты әдейі таңдаған" делінген агенттік ақпаратында.
Бұған дейін экс-спикер қаңтар оқиғасынан кейін елден кетіп қалғаны туралы ақпараттар шыққан. Артынша "Нұрлан Нығматулин астанада немерелерін киноға апарып жүр" делінген видео тарап, оның елден кеткені туралы ақпарат терістелгендей болған.
Пікір қалдыру