«Қабылан жолы - 2015»: Қазақстан мен Түркияның әскери қызметшілері бірлескен арнайы шара өткізді

/uploads/thumbnail/20170708195720709_small.jpg

 «Іле» оқу-жаттығу орталығында және Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында Қазақстан мен Түркия Қарулы Күштерінің «Қабылан жолы - 2015» бірлескен халықаралық оқу-жаттығуы мәреге жетті. Бұл туралы Қамшы порталы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Он күн ішінде екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы содырлардың шартты базасын жою, оқ атуларды, 3 000 - 4 000 метр биіктіктен парашюттен секіруді орындады, сондай-ақ 50 шақырымдық марш жасады.   Барлығы практикалық эпизодтарға шамамен 170 жауынгер, 20-ға жуық бірлік автомобильдік және 10 броньды танкті техника, бес бірлік маңдайшептік және армиялық авиация тартылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

 Оқу-жаттығу Әуе қорғанысы күштерімен өзара іс-қимылда күндізгі және түнгі уақытта өткізілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер лазерлік мақсат көрсеткіштерді қолдана отырып, маңдайшептік авиацияны келтіруді жүзеге асырды. Су-27 жауынгерлік ұшақтарының жұбы бомбалық соққымен берілген нысаналарды сәтті жойып отырды. Нәтижесінде Қазақстан мен Түркияның арнайы мақсаттағы бөлімшелері қойылған тапсырмаларды орындап шықты. «Қабылан жолы - 2015» оқу-жаттығуы биылғы жылы алғаш рет өткізілгенін айта кеткен жөн. Ол әскери қызметшілердің кәсіби қасиеттерін және жауынгерлік машығын арттыруға, екі елдің Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар