Кремль Украинадағы жағдайды қалай түсіндіріп, қандай ақпарат таратып жатыр?

/image/2022/04/06/crop-35_21_1108x1978_skynews-ukraine-russia-teaser_5706280.jpeg

BBC Украинадағы жағдайға байланысты Ресей таратып жатқан ақпараттарға қатысты шағын сараптама жариялады.

ВВС мәліметінше, Путин Батыс санкцияларын бостандық үшін Ресей төлеуге тиіс құн деп түсіндіреді. Сондай-ақ ол Ресейдің дамуына нұқсан келтіру үшін Батыс жылдар бойы Мәскеуге қарсы экономикалық соғыс жүргізіп жатыр дейді.

Ол Украинадағы соғыстан зардап шегуші орыс халқы екенін жеткізуге тырысып, Украинада болып жатқан оқиғаларға Мәскеу себепші емес екенін айтады.

Кремльдің нұсқасы бойынша, Украинадағы жағдай соғыс емес, тек Украинаның шығысында тұратын орыстілді халықтың мүддесін қорғауға арналған арнайы әскери операция.

Сонымен қатар Кремль Украинаны нағыз агрессор ретінде көрсетіп жатыр.

Кремль "Украина Ресейге қарсы ядролық және биологиялық қару қолданғысы келеді" деп, сол арқылы ресейліктерге сондай қаруларды өздері қолдану ықтималдығы туралы ойды жеткізгісі келеді.

Бучада түсірілген кадрларды "жалған" деп таниды.

Ресейде ресмиден бөлек кез келген балама ақпарат көздеріне, тіпті әлеуметтік медиа арналарына қол жеткізу өте қиын, олардың көпшілігі бұғатталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар