9 сәуірде Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

/image/2022/04/06/crop-13_66_653x1162_whatsapp-image-2020-10-24-at-21.02.27-1.jpeg

Алматы әкімдігі тұрғындарды 9 сәуірде Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады. Уақыты: сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техника шығады.

Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда. Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.

Барлық меншік түріндегі ұйымдардың, соның ішінде ЖИБ, ПИК басшыларының қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуін сұраймыз.

Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.

Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:

1) Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.

2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.

3) Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде. 

4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.

5) Жетісу ауданында - Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.

6) Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.

7)  Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.

8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар