Ресейдің ірі әскери кемесі ауыр зақымданғаны хабарланды

/image/2022/04/14/crop-5_3_348x594_screen-shot-2022-04-14-at-12.31.29-pm.png

"Қара теңізді қорғайтын Нептун зымырандары Ресейдің әскери кемесіне өте ауыр зиян келтірді" деп жазды Украинаның Одесса губернаторы Максим Марченко Telegram каналында. Шенеунік украин кұштері Ресейдің "Москва" зымыран крейсерін зымыранмен атқылағанын айтты, бірақ ешқандай дәлел келтірмеді.

Көп өтпей Ресей Қара теңіз флотының ірі әскери кемесіне өрттен айтарлықтай зақым келгенін, оның экипажы эвакуацияланғанын мәлімдеді.

"Өрт салдарынан "Москва" зымыран крейсерінде оқ-дәрілер жарылған. Кеме қатты зақымданған" деп келтіреді Ресей қорғаныс министрлігі.

ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігі өрттің себебі анықталып жатқанын, экипаж эвакуацияланғанын хабарлады.

Өткен айда Украина Қара теңіздің солтүстік-шығысындағы кішігірім Азов теңізінде Ресейдің үлкен десанттық қолдау кемесі Орскты жойғанын хабарлаған. Мәскеу кемеге не болғанын түсіндірмеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар