Синоптиктер бірнеше күн жаңбыр жауып, жел күшейетінін хабарлады

/image/2022/04/19/crop-31_13_708x1258_image.jpg

Қазнидромет бүгінен бастап алдағы екі тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжанып отырғанын хабарлады.

Ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай, желдің күшеюі орын алады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі – түнде минус 3 пен плюс 5 жылы, күндіз 5-15 жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжануда" делінген Қазгидромет хабарламасында.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар