Украина: Ресей Батысты үшінші дүниежүзілік соғыс ескертуімен қорқытпақшы

/image/2022/04/26/crop-6_7_398x613_268199ba-fe7d-44be-9a7a-689871b2edc9.jpeg
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей Батысты Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупімен қорқытуға тырысып отырғанын айтты.
 
"Ресей Украинадағы жеңілісін сезіп отыр, сондықтан Батысты үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі туралы ескерту арқылы Киевті қолдаудан қорқытуға тырысып жатыр" деп жазды ол Twitter-де.
 
Оның сөзінше, Ресей әлемді Украинаға қолдау көрсетуден бас тартқызатын соңғы үмітін жоғалтқан. Осылайша, Үшінші дүниежүзілік соғыстың "нағыз" қаупі туралы әңгіме айтып жатыр.
 
"Еуропалық және жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін әлем Украинаны қолдауды еселеуі керек, біз жеңуіміз керек" дейді ол.
 
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыстың Украинаға қару-жарақ жөнелтуі "НАТО-ның шын мәнінде Ресеймен соғысып жатқанын" білдіретінін айтқан. Лавров қақтығыстың өршуі қаупі үлкен екенін мәлімдеген.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар