Қазгидромет мамыр айындағы құрғақшылыққа байланысты болжамына түзету жариялады.
Мамандардың мәліметінше, мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде, ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады.
Орташа құрғақшылық төмендегідей жерлерде болады деп күтіледі:
♦ Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
♦ Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;
♦ Қызылорда облысы, Арал ауданында;
♦ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.
Ал төмендегі аудандарда қатты құрғақшылық болжанып отыр:
♦ Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
♦ Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.
Қалған жерлерде қолайлы жағдай болады деп күтіледі:
♦Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында.
♦Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;
♦ Ақтөбе облысы – Ырғыз және Ойыл аудандарында;
♦ Алматы облысы – Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;
♦ Шығыс Қазақстан облысы – Шемонаиха және Үржар аудандарында.
Қазгидромет барлық болжамдарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынып отыратынын атап өтті.
Пікір қалдыру