"44 адамның мәйіті табылды". "Қоршаудағы Мариуполь". Украина жаңалықтарына шолу

/image/2022/05/11/crop-4_7_339x611_979c1b3e-5215-42c4-b42c-1000dee892d8.jpeg
Украинаның шығысында болып жатқан ұрыс қимылдары туралы соңғы ақпараттарды ұсынып отырмыз.
 
♦ Изюм қаласындағы шайқастан құлаған ғимараттың қирандыларынан 44 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды. Бес қабатты ғимарат наурыз айында құлаған, тұрғындар ресей күштері атқылаған кезде жертөлеге жасырынған. Құтқарушылар ғимаратқа енді ғана жетті.
 
Харьковтің оңтүстік-шығысында орналасқан Изюм Донбасстың қақпасы ретінде саналады. Оның айналасы ормандар мен өзендермен қоршалған, бұл – оны табиғи бекініске айналдырады.
 
♦ Мариуполь үшін шайқас Азовсталь металлургиялық зауытында өтіп жатыр. Онда жүздеген украин жауынгері жерасты туннельдері мен бункерлерде жан алысып, жан беруде. Ресей әскері оларды қоршауға алған.
 
Мариупольді басып алу Мәскеудің негізгі мақсаты, өйткені бұл – Украинаның ең үлкен порттарының бірін бақылауға және кең аймаққа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
♦ Одесса портында түнде зымыран бірнеше ғимаратқа тиіп, жақын маңдағы үйлерді теңселтті. Бір адам қаза тауып, бес адам жараланған.
 
Дереккөз: BBC
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар