Асхат Аймағамбетов "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптарын күшейтетін бұйрыққа қол қойды

/image/2022/05/11/15cf5afb6c27ac07.jpeg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптарын күшейтуға бағытталған бұйрыққа қол қойғанын мәлім етті.

Ол талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданғанын айтады..

"Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "үздік" деген баға алған оқушылар "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер бола алады. Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады" деген министр былтыр мектеп бітірушілер рекордтық "Алтын белгі" алғанын, алайда олардың арасында кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл жинағанын атап өтті.

Асхат Аймағамбетов осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтетінін жеткізді.

"Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді. Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі" деді министр телеграм-каналында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар