– Иә, категория аз емес. Мәселе талқыланатын болады. Шынын айтқанда мәселе күрделі. Біз халықаралық тәжірибені де зерделейміз. Халықаралық тәжірибе зейнет жасын мүлде төмендетуді мақсат етпейді. Төмендету туралы шахтерлер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр. Жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс әзірленетін болады. Бұны әлі талқылаймыз, – дейді ол.
Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын төмендету де қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Бүгінде әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында. Мәселе күн тәртібінде тұр. Талқылайтын боламыз" деді премьер-министрдің орынбасары.
Пікір қалдыру