Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға береді деп күтіп отырмыз – адвокат

/image/2022/05/16/crop-58_4_524x931_62096.jpg

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беруі мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов facebook парақшасында жазды.

"2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Ақжарқын Тұрлыбай ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында ростовтық Мария Дапирка қамауға алынды. Ортаазия аймақтық ақпараттық координациялық орталығы қыздарды нигериялық есірткі тобының құрбаны болған деп таныған.Екеуі де өмір бойына сотталған. Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға береді деп күтіп отырмыз" деп жазды Нұрмағамбетов.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдаумен айналысты деген күтікпен ұсталып, 2015 жылы 15 маусымда Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Жақындары мен қорғаушысы және Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 8 жылдан бері Ақжарқынды Қазақстанға экстрадитациялауға қол жеткізе алмай келеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар