БҰҰ Әйелдер, балалар және жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бағдарламасына 25 миллиард доллар салмақ

/uploads/thumbnail/20170708195748960_small.jpg

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Әйелдер, балалар және жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бойынша Жаһандық стратегияның іске қосылғаны туралы жариялады. Бұл бастаманың басты мақсаты - 2030 жылға қарай әйелдер, балалар және жасөспірімдердің өлім пайызын төменгі деңгейге дейін қысқартып, сондай-ақ олардың денсаулығының жақсаруына, амандығына септігін тигізу. Бұл туралы Қамшы порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдағы бес жылда бағдарламаға 25 миллиард АҚШ доллары салынатын болады.

Жаңа стратегия әлемдік көшбасшылардың тұрақты даму саммитінде қабылдаған Тұрақты даму саласындағы алдағы 15 жылдағы мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды БҰҰ-ның жаңалықтар орталығынан.

Саммитке жиналған мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен жекеменшік сектордың өкілдері, ғалымдар және БҰҰ-ның өзге серіктестері бұл бастамаға қолдау білдірді. Бұл бастама әйелдер, балалар және жасөспірімдердің арасындағы өлімді қысқартып, сондай-ақ олардың денсаулығын жақсаруына, амандығына септігін тигізуге бағытталған.

«Бүгін мен сөз етіп отырған Әйелдер, балалар және жасөспірімдердің денсаулығын сақтау саласындағы Жаһандық стратегия өмірге бейімді және дені сау қоғамды қалыптастыруға көмектесе алады. Біз серіктесіп жүргізіп отырған жұмысымыздың жеміс беріп отырғанын дәлелдедік. Мен де, БҰҰ-ның бүкіл жүйесі де алдағы уақытта арамыздағы нәзік жандылардың өмірін сақтау және жақсарту үшін бар күшімізді салатын боламыз», - деді Пан Ги Мун. 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар