Облыстың дамуында сапалы жол-көлік логистикасы ерекше маңызға ие. 2021 жылы Өскемен қаласындағы әуежай ауқымды реконструкциялаудан өтіп, ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтсе, ал 2022 жылы Үржар ауылындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.
Алдағы уақытта Зайсан қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жоспарланған.
Инфрақұрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір салу, Семей қаласында автожол көпірін салу сияқты жалпы инвестиция көлемі 218 миллиард теңгені құрайтын ауқымды жобалар іске асырылатын болады.
Қомақты қаражат республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендер жолдарын дамытуға, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шалғай ауылдардағы көшелерді жөндеуге бағытталмақ.
Пікір қалдыру