Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға сот жаза кесті. Заң алдында 13 адам жауап берді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
– Сот үкімімен және пробация қызметіне жүктелетін міндеттерді орындауға міндеттісіздер. Түнгі уақытта үйде болу керек. Жұмыс, оқудан тыс уақытта үйде болу керек. Қала, аудан аумағынан сыртқа пробация қызметінің рұқсатымен ғана шығу керек. Егер пробацияда жүріп, қылмыстық құқықтарға жол берсеңіз міндеттерді, талаптарды орындамасаңыздар онда пробация қызметінің ұсынысымен тағайындалған шартты түрдегі жаза күші жойылып, жаза толықтай өтелетін болады, – деді №2 Тараз қалалық сотының судьясы Бағдат Төребекұлы.
Пікір қалдыру