Қазгидромет 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.
"Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондарының бірігуінен республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі" делінген ақпараттық хабарламада.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендесе, оңтүстік-батыста 25-35-ке дейін жоғарылайды. Солтүстікте 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды, шығыста 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді. Орталықта 22-30-дан 27-32-ге дейін көтерілсе, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді джеп күтіліп отыр.
Пікір қалдыру