Франция, Германия және Италия елдерінің басшылары Украинаға жасаған сапары кезінде Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресеймен келіссөз жүргізуге көндіруге тырысқан. Бұл туралы Die Welt газеті жазды.
Киевтегі жабық кездесу кезінде Олаф Шольц, Эммануэль Макрон и Марио Драги Украинаға Еуроодақ мүшелігіне кандидат мәртебесін беру кезінде қолдау білдіретіндерін жеткізген.
"Бірақ Зеленскийге бір шарт қойған. Олаф Шольц, Эммануэль Макрон және Марио Драги Украина мен Ресей бір келісімге келіп, келіссөз жүргізсе ғана Зеленскийге қолдау білдіреді", делінген газеттегі ақпаратта.
Ресейдің Украинаға басып кіруінен экономиялық тұрғыдан Еуропадағы елдердің ішінде Франция, Германия және Италия көбірек зардап шеккен. "Экономикалық өсу тоқтап қалды, инфляция рекордтық деңгейге жетті" деп жазады Die Welt газеті.
Пікір қалдыру