20-дан астам ғылыми, 400-ден астам публицистикалық мақаланың авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
USD 527
EUR 550
RUB 5
USD 527
EUR 550
RUB 5
Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли республикалық "Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022" байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.
Алпысбаев Рустам Әлиұлы 1984 жылы қазіргі Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану мамандығы бойынша бакалавр, магистратура, докторантура дәрежелерін тәмәмдаған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы "Деловая неделя" басылымында тілші болып бастаған. Газетте істей жүріп Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер болып қызмет еткен. Әр жылдары "Каспий" журналының Қазақстандағы ресми өкілі, "Деловая неделя" газеті халықаралық бөлімінің редакторы, ҚазҰУ Шығыстану факультетінде оқытушы, "Деловая неделя" басылымы бас редакторының орынбасары, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты Жетісу жастары кәсіпорнының директоры, Жетісу университеті Журналистика кафедрасында оқытушы, Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Жастар саясаты, Ішкі саясат басқармаларының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылғы 5 мамырда Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалған.
Облыстық деңгейде басқарма басшысы болып тұрғанда #TaldyParis, Хан тәңірі, Мұқылай жобалары, Орбұлақ тарихи шайқасының реконструктиялық қойылымы секілді ақпараттық, танымдық, тарихи түрлі жобаларды іске асырған.
20-дан астам ғылыми, 400-ден астам публицистикалық мақаланың авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
Пікір қалдыру