Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

/image/2022/04/15/crop-11_6_330x587_crop-17_10_341x607_2019090500453745726_img_3130-640x360-1.jpg

Премьер-министр Әлихан Смайлов "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы қаулыға қол қойды.

"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген қаулы жобасының мәтінінде.

Қазақтың көрнекі ағартушысы, педагог, ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлы осы өңірдің дәлірек айтқанда Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылының тумасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар