Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан X Kazenergy Еуразиялық форумында еліміздің Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин «Еуразия» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерге ерекше тоқталып, оның болашағына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақстастық механизмі» тақырыбы аясындағы конференцияда сөз алған Ұзақбай Қарабалин «Еуразия» жобасының ерекшелігіне тоқталып өтті.
- Бұл жобаның басты ерекшелігі – Каспий теңізі маңындағы ұңғымаларды терең зерттеп, зерделеуге негізделген. Сондықтан да бұл жоба технологиялық және қолданбалы аспектілердің кең спектрін ғылыми тұрғыда жүзеге асыруды қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, ұңғымаларды тереңдете бұрғылау бойынша да осы салада әлем бойынша рекордттық көрсеткішке қол жеткізуіміз неғайбыл емес, - деді Ұзақбай Сүйлейменұлы.
Оның айтуынша, Қазақстанның Орта Азия өңірін энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайтын көрінеді. Оның үстіне «Еуразия» сынды ғаламат жобаның жүзеге асуына қытайлық CNPC компаниясының қызығушылық танытуы біздің еліміздің кейбір мүмкіндіктерін одан сайын арттыра түседі.
Пікір қалдыру