Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар жарияланды

/image/2022/07/07/crop-16_46_422x750_115145151800.jpg

Биыл Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді. Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлебидің айтуынша, қалада Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту жоспарланған. 

Қалада биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді:

- Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті; 

- Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті; 

- Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті; 

- Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары; 

- Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;

- Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті. 

Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар