"Найзағай, қатты жауын, 40°с-қа дейінгі ыстық". Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

/image/2022/07/11/crop-4_37_443x787_image.jpg

Қазгидромет 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Орталығы Салехард аймағында орналасқан Солтүстік антициклонның жотасы елдің солтүстік бөлігіне әсер етеді, оңтүстік өңірлер төмен қысым мен фронталдық бөліктердің ықпалында болады.

"Республиканың басым бөлігінде күн ысыған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл будақ-жаңбырлы бұлттылықтың дамуына және жауын-шашынның түсуіне себепші болады: 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағаймен, қатты желмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі" делінген Қазгидромет хабарламасында.

Күндізгі ауа температурасы:

♦ Батыста: +34+42°С;

♦ Оңтүстік-батыста + 40+45°С;

♦ Солтүстік-батыста +28+35°С-тан +30+40°с-қа дейін;

♦ Солтүстікте +25+33°С-тан +22+30-ға дейін;

♦ Орталықта +22+30°С;

♦ Шығыста +22+32°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді,

♦ Оңтүстікте +29+37°С-тан +32+40°с-қа дейін, оңтүстік-шығыста + 22+32°С-тан +25+35°С-қа дейін жоғарылайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар