Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.
"Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды", - делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолын кескенін хабарланған болатын.
"12 шілдеде Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілгені туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметіне кедергі жасау мақсатында арандатуды мақсатты түрде ұйымдастырды", - деп хабарлады агенттікте.
Агенттік өкілі адвокаттың полиция көлігін жауып, алдыңғы шинаны тесіп, провкациялық әрекетке барғанын айтты. Сондайақ Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған.
Пікір қалдыру