Елде 3 жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

/image/2022/07/25/crop-1_24_307x546_76d2ac1e94b6900b2a90be5a20f92dc4_resize_w_742_h_365.jpg

Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесінде 3 атаулы мереке пайда болуы мүмкін. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек. 

Тізімге төмендегідей кәсіби мерекелер қосылатын болады: 

9 қыркүйек  Қазақстан кәсіпкерлері күні;

19 желтоқсан – Жарнама маманы күні;

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады", делінген құжатта.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні туралы құжатты қоғамдық талқылау мерзімі – 2 тамызға дейін болса, Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар