Қаңтар оқиғасын тергеу: Ауыр қылмыс жасағаны үшін 92 адам бас бостандығынан айырылған

/image/2022/08/01/whatsapp-image-2022-08-01-at-16.43.17.jpeg

Полиция қаңтар айындағы оқиғалар бойынша барлығы 4642 қылмыстық іс қозғаған. Оның 2 жарым мыңнан астамы – ұрлық деректері, 708 іс қаруды ұрлау немесе сақтау фактісі бойынша, 418 іс бұзақылық, 199 іс мүлікті жою фактісі, 26 іс қарақшылық және тонау деректері бойынша қозғалған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ішкі Істер минстрлігі тергеу департаментінің бастығының орынбасары Қожаев Мұхтар Жұмабайұлы мәлім етті.

Осы қылмыстық істер аясында полиция тергеушілері 15 мыңға жуық адамнан жауап алған. 35 мыңнан астам тергеу әрекеттер және 2 жарым мыңдай сараптама жүргізген. 1731 азамат жәбіренуші болып танылған.

"343 млн теңгеден астам сомаға шығынды өтеу қамтамасыз етілді. 969 істі тергеу аяқталды. Оның ішінде 594 айыпталушыға қатысты істер соттарға жолданды. Сотта 500 адамға үкім шықты. 398 адамның бас бостандығы шектелді. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 92 адам бас бостандығынан айырылды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 289 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 20-сы бойынша 27 күдікті анықталған. Олардың 6-уы күзетпен қамауда ұсталуда" деді Мұхтар Жұмабайұлы.

Сонымен қатар ол тергеу сатысында жағымды мінезделген және жәбіренушілерге келтірген шығынды өтеген күдіктілердің бұлтартпау шаралары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес болып өзгертілгенін атап өтті.

Осы бойынша 255 күдікті қамаудан босатылған. Орташа, онша емес ауыр қылмыс жасаған 35 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жеткізілмей тараптардың татуласуына байланысты қысқартылса, дәл осындай негіздермен 13 сотталушыға қатысты істер сот тарапынан қысқартылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар