Алматы қаласының Достық үйінде мәжіліс депутаты Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев пен Алматы қаласы ҚХА шығармашылық ұжымдарының жетекшілерінің қатысуымен отырыс өтті. Бұл туралы Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары еліміздегі ұлтаралық келісімді дамыту мен нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысады.
Іс-шара барысында Депутат алдағы республикалық референдум туралы, ҚР Конституциясына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Закиржан Пірмұхамедұлы Кузиев өз сөзінде Конституцияның жаңаруы іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін атап өтті.
– Осы шешімдерді қабылдау процесіне халықтың қатысуы маңызды мәселе . Мемлекет басшысы өз сөзінде референдум «ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға» және «жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтуға» мүмкіндік беретінін атап өтті. Референдумның жариялануы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. Референдум және Конституцияны өзгерту арқылы жаңа қоғамдық келісім жасалады деп айта аламыз. Әділеттілік қағидаты негізінде өзара қарым-қатынастың жаңа сипаты қалыптасады, өйткені жаңа Қазақстан, Президент айтқандай, Әділетті Қазақстан, – деді депутат.
Соңында ол шығармашылық ұжымдардың басшыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысында белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Пікір қалдыру