Алматыда досының 11 жастағы қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды

/image/2022/08/03/crop-24_9_530x943_whatsapp-image-2022-04-20-at-102353.jpeg

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, – деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы.

"Тергеу барысында анықталғандай, М.есімді азамат туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Барлығы ұйықтап кеткен соң қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала сасқалақтап қалмады, айғайлай бастады. Оның көмек сұрағанына әкесі мен ағасы жауап берді. Олар полиция шақырды, бұл күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды" делінген хабарламада.

Күдіктіге қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып, Алатау аудандық соты күдіктіні 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Қылмыскер жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар