USD 529
EUR 551
RUB 5
USD 529
EUR 551
RUB 5
Ауғанстанды билеп отырған тәліптердің "Омар" деп аталатын 217-әскери корпусы командирінің орынбасары Жан Мухаммед Хамза Тәжікстанды бір аптада басып ала алатынын мәлім етті, деп жазады жергілікті "Хаште субх" газеті.
Жан Мухаммед Хамза Тәжікстан Ауғанстанның ішкі ісіне араласуды тоқтатпаса, елді бір апта ішінде басып ала алатынын жеткізді. Алайда "Омар" корпусы командирінің орынасары ол үшін Тәжікстанның артында Ресей тұрмауға тиіс екенін атап өтті.
Басылым ақпаратына қарағанда, әскери басшы бұл сөздерін Тахар провинциясында елдегі министрлердің бірінің алдында айтқан.
Пікір қалдыру