Белгілі журналист Қайнар Олжай ел билігі Ресей азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) оңды-солды беріп жатқанының астарында шетелдіктерге өздерінің жылжымайтын мүлкін өткізу пиғылы жатқан болуы мүмкін деген мәселе көтерді.
"Ресейден келіп жатқандарға неге уақытша тіркелу, ЖСН мүмкіндігі берілді? Осы сұраққа мынандай ойымыз бар. Біздің бұрын билікте болған, қазір БАӘ, Түркия және басқа жақты сағалаған дәулеттілердің Астана, Алматы және басқа қалаларда ондаған коттедж, жүздеген пәтерлері болды. Бәрі элиталық, сондықтан сатылмай тұрды. Ал Ресейден кімдер келіп жатыр? Шамамен, бизнесмен, бұрынғы парақор шенеунік және қылмыс әлемінен байығандар. Жай орыстың көшуге ықыласы да, үй сатып алар мүмкіндігі де жоқ. Сонымен "екі есеп — бір қисап". Ел есігін еркін аша салу сыры осыдан ба деп ойлаймыз" дейді журналист әлеуметтік желідегі жазбасында.
Путин Украинаға соғыс ашқалы украиндықтар ғана емес, ресейліктер де елінен шартарапқа кетіп жатыр. Ресейліктер аялдайтын елдердің қатарында Қазақстан алдыңғы орындардың бірін алады.
Жыл басынан бері Ресейдің 70 854 азаматына, Украинаның 1 467 азаматына ЖСН берілген. Оның ішінде 69 172 ресейлік пен 1 353 украиналық ЖСН-ді Кремль соғысты бастаған 24 ақпаннан бері алған.
1 қаңтардан бері 519 ресейлік пен 7 украиналық Қазақстан азаматтығына алған.
Пікір қалдыру