Елде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

/image/2022/08/18/crop-7_4_463x823_j5rp19nsae1ywvty437oqzv2qngftxsl.jpg

Қазақстанда өткен тәулікте 1169 адамнан коронавирус 7 адамнан пневмония анықталған.

Пандемия басталғалы 1 380 960 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, осы уақытқа дейін 89 817 адам пнвмония жұқтырған.

18 тамыздағы мәлімет бойынша, 21 904 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 994 пациент стационарда, 20 910 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 36 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Алдыңғы күні 1121 адамнан коронавирус анықталған

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар