Үкімет "Яндекс" жүргізушілерінің жұмысына өзгеріс енгізуді көздеп отыр

/image/2022/08/18/crop-26_14_650x1155_31fb2682b38690943035fe83589dd8f944e703a9-1193x671.jpg
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірген "Яндекс GO" компаниясының бас директоры Александр Аникинмен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылағанын мәлім етті.
 
Министрдің дерегінше, қазіргі таңда Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
 
Көбіне бұл кісілер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, себебі олар тіркелген таксопарктердің кейбірі тиісті салық пен аударымдарды төлемейді. Жұмыспен қамтамасыз етудің платформалық нұсқасы кең таралып жатқандықтан, мемлекет осындай платформалар арқылы табыс табатын азаматтарды қолдау жағын ойластыруы керек" деген министр өз тарапынан жүргізушілерге платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін беруді ұсынғанын, сонда мемлекет оларды әлеуметтік тұрғыда қорғай алатынын атап өтті.
 
Сөзінше, қазір Яндекс 63 қазақстандық таксопаркпен жұмыс істеп жатыр.
 
Сондай-ақ компания басшысымен ЯндексGO қосымшаcын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою мәселесін талқыланғанын, қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру және олардың құжаттарының дұрыстығын тексеру үшін биометриялық жүйені қолдануға болатынын жеткізді
 
"Бұл не үшін керек? Мәселен, біреулердің жүргізуші куәлігі жоқ немесе бөгде адамдар арқылы тіркелу оқиғалары кездеседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан инватакси қызметін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Жалпы, осы мәселелерді жан-жақты қарастырып, барынша тиімді шешімдер мен тәсілдер іздестіретін болдық" деді министр кездесу қорытындысы бойынша facebook-те жазған жазбасында.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар