Елде коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Өткен тәулікте 478 адамнан COVID-19 анықталған. Бірнеше облыста коронавирус жұқтыру жағдайы мүлде тіркелмеген
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, індеттің таралуы бойынша елорда (95) мен Қарағанды облысы (83) алда тұр. Мұнан кейін вирус жұқтыру жағдайлары Ақмола облысында (59), Алматы қаласында (52), Қостанай облысында (45) жиі кездескен. Шымкент қаласы мен Ұлытау облысында коронавирустың бірде-бір жағдайы анықталмаған. Алматы облысында 2, Жетісу облысында, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 3 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң шыққан. Бұндай жағдай Абай облысында – 4, Түркістан облысында – 5. Солтүстік Қазақстан облысында 13, Павлодар облысында 17, Атырау облысында 19, Маңғыстау облысында 21, Батыс Қазақстан облысында 35 адамнан өткен тәулікте коронавирус анықталған.
20 тамызда ел бойынша 740 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.
Пандемия басталғалы елде 1 384 027 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң шыққан.
Пікір қалдыру