ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қаңтар оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істердің қаншасы аяқталғанын айтты.
Санжар Әділовтың сөзінше, осы уақытқа дейін 4 642 қылмыстық іс қозғалған.
"971 істің өндірісі аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды. Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды" деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Спикердің дерегінше, қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс қаралып жатыр. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтау бойынша 50, кісі өлтіру – 33, билікті асыра пайдалану – 40, ұрлық – 16, бұзақылық – 4 және тағы басқа қылмыстар бар.
Пікір қалдыру