Қос азаматтығы бар Рудный тұрғынына полиция 600 мың теңге айыппұл салды

/image/2022/08/23/crop-3_54_670x1192_6304bc1bbadf8271623722.jpg

Рудныйлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz. порталы.

ІІМ ресми интернет ресурсының мәліметінше, 56 жастағы әйел 10 жылдан астам уақыт көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген. Қос азаматтығы үшін рудныйлық әйел енді 600 мыңнан теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс.

"Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қостанай облысының аумағында көптеген фактілер анықталуда. Рудный қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының азаматтығы бар 56 жастағы әйелді жауапқа тартты. Енді ол 612 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Қазақстанда және сонымен бір мезгілде шет мемлекеттің аумағында зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды анықтау бөлігінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтармен, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілуде" деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Ринат Сыздықов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар