Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

/image/2022/08/31/crop-74_23_360x640_093816908600.png

Жақында ғана отставкаға өтініш берген Өмірзақ Шүкеевтің орнына Түркістан облысының әкімі болып Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған Дархан Сатыбалды  тағайындалды.

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын" делінген Ақорда хабарламасында.

Дархан Сатыбалды 2010-2011 жылдары ҰҚК-де, 2011-2013 жылдары премьер-министр кеңсесінде істеген. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласынбасқарған. 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған.

Өмірзақ Шүкеев аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Кентау қаласы әкімінің ісі бойынша сот шешімі шыққандықтан, заңға сай 26 тамызда отставкаға өтініш берген. Президент оның отставкасын қабылдады.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар