Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды" делінген Ақорда хабарламасында.
Облыс әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылған. Бірі Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, екіншісі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Облыстық мәслихат депутаттарының 65 пайызы (104 депутат) Тоғжановқа дауыс берсе, 35 пайызы (56 депутат) Шахаров кандидатурасын қолдаған.
Пікір қалдыру