Президент болуға үмітті Жигули Дайрабаевтың ұлдарының үстінен іс қозғалып, сот өткелі жатыр

/image/2022/10/03/crop-27_7_290x516_dayrabaev.png

Жуырда "Ауыл" партиясының атынан мерзімінен бұрын өткелі жатқан президент сайлауына үміткер болатыны хабарланған Жигули Дайрабаевтың туған ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалықтың Таразда соты болғалы жатыр, деп жазады КазТАГ агенттігі.

Агенттік мәліметінше, үміткерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс алаяқтық бабы бойынша қозғалып, сот өндірісіне алынған.

Іс субсидия қаржысын жымқыруға қатысты екені хабарланды.

Сот күдіктілердің ісін 11 қазанда қарайды деген ақпарат бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар