Ресейдің соғыстағы адам шығыны туралы ақпарат шықты, арасында мобилизацияланғандар да бар

/image/2022/10/14/crop-14_9_429x763__127145562_01c2369f-b596-4987-8cfc-15eee423ecf8.jpg.webp
Украинада қаза тапқан ресейлік әскерилердің аты-жөнін тізімдеп жатқан BBC орыс қызметі мен Ресейде шетел агенті деп танылған "Медиазона" басылымы 14 қазандағы жағдай бойынша соғыста ресейлік 7502 жауынгер мен офицер қаза тапқанын анықтаған

Басылымдар тек расталған жағдайларды ғана санап жатқанын ескертті. Зерттеушілер Ресейдің әр аймағында жаңа пайда болып жатқан зираттарға қарағанда шынайы цифрлар анықталғаннан 40-60 пайызға көп, сәйкесінше, Ресей армиясының шығына шамамен 15 мың адамға жетуі мүмкін екенін айтып отыр.

Әскери-теңіз анализі орталығының сарапшысы Майкл Кофман Украинада қаза тапқан әр адамға 3,5 жаралы адамнан айналатынын атап өтіп, қайтыс болған, жарақатына байланысты ұрысқа қатыса алмайтын, хабар-ошарсыз кеткен Ресей әскерінің саны 53 мыңға жуықтайды деп бағалайды.

Осы аптада Ресей билігі Украина жеріндегі мобилизацияланған азаматтардың қазасы туралы алғаш рет ақпарат таратты. Ашық дереккөзге қарағанда мобилизацияланған 11 адам қаза тапқан. Олардың дені әскери комиссариатқа 25-28 қыркүйекте барып, ары кетсе 10 күн әскери даярлықтан өткен.

"Мұндай қысқа мерзім әскери қимылдарда тәжірибесі бар адам үшін де дағдыларды еске түсіруге жетпейді" дейді ВВС сарапшылар сөзін келтіріп.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар