Мәскеуде ішінара мобилизациялау аяқталды

/image/2022/10/17/crop-17_18_741x1316_716985.jpg

Ресей астанасы Мәскеуде Украинаға қарсы соғысқа байланысты жарияланған ішінара мобилизация аяқталды. Бұл туралы қала мэрі Сергей Собянин хабарлады.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада Мәскеуде мобилизацияға қатысты барлық тапсырма толық орындалғаны жазылған. Мобилизацияланған адамдарды қабылдау пункттері бүгін Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де жабылып, бұған дейінгі шақырту қағаздары өз күшін жоятыны айтылды.

Мәскеу мэрі мобилизацияланғандардың нақты санын жарияламады. 

Бірнеше күн бұрын қаладағы жатақханалар мен метро станцияларында полиция өкілдері шақыру қағазын таратып жүргені туралы ақпарат тараған. Бірақ Мәскеу әскери комиссары ақпаратты жоққа шығарды. 

Путин Ресейдегі ішінара мобилизация жұмыстарын алдағы 2 апта ішінде толық аяқтау жөнінде тапсырма берген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар