Қаңтар оқиғасы: Сенат рақымшылыққа қатысты заң жобасын мақұлдады

/image/2022/10/27/crop-16_13_432x767_635a0de35f76e760519234.jpeg

Сенаттың жалпы отырысында "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады. 

Заң жобасы қаңтар оқиғасы кезінде шағын және орта қылмыс жасады деп айыпталған азаматтарға рақымшылық жасауды, оларға қатысты қылмыстық істерді тоқтатуды көздейді. Сондай-ақ заң аясында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған азаматтардың бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылады деп жоспарланып отыр. 

"Тергеу органдары қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1600-дей адамды анықтап, оларды жауапқа тартып жатыр. Оның ішінде 1 112 адамға сот үкімі шығарылды. Басқаларының ісі тергеу сатысында. Рақымшылық сотта да, тергеуде де қолданылады. Жасалған қылмыстардың нақты уақыт аралығы және рақымшылыққа іліккен азаматтар тобы белгіленді. Заң жобасы теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандарды жазадан толық босатуды көздейді. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады" депутат Ләззат Сүлеймен.

Заң аясында 1500 адамға рақымшылық жасалатыны хабарланды. Рақымшылық террористер, экстремистер, рецидивистер, азаптау жасағандар, тәртіпсіздік ұйымдастырушылар, мемлекетке опасыздық жасаған адамдарды қамтымайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар