Алматы қаласы ҚХА филиалы "Балалардың бөтені жоқ" атты қайырымдылық акциясын өткізді

/image/2022/10/28/crop-28_143_697x1239_f684c6d1-db26-46bf-8206-d63e0d217a9e.jpg

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының қолдауымен ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА-155/4 мекемесі жанындағы балалар үйі үшін "Балалардың бөтені жоқ" атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Сондай-ақ, ОНК мүшелері кәмелетке толмаған қыздарға арналған учаскеге барды. 

Аталған акция "Ахыска" түрік этномәдени бірлестігінің, "Ильдаш" татар мәдени орталығының, өзбек мәдени орталығының, Қазақстанның ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының, Князь Ибрагимұлы Мирзоев қайырымдылық қорының, сондай-ақ "Ассамблея жастары" РҚБ қолдауымен өтті.

Акция аясында ұйымдастырушылар балаларға арналған жиһаздарын, матрацтарды, жастықтарды, балалар киімдерін, кілемшелерді, сондай-ақ тамақты сыйға тартты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға арналған учаскеге білім беру ойындары, кеңсе тауарлары мен кітаптар әкелінді.

Акция соңында Алматы қаласы ҚХА филиалы мүшелері мекеме басшылы балалардың өмір сүру сапасын жақсартудың жолдары мен балалар үйіндегі мәселелердің шешімін талқылады. 

"Балалардың бөтені жоқ"  –  Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының ұраны. Біз бірнеше жылдан бері мұқтаж жандарға көмек қолын созып, бірігіп жұмыс істеп келеміз", - деп атап өтті Алматы қаласы ҚХА филиалы төрағасының орынбасары Ниязова Нұрия Исмагиловна.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар