«Көк байрақты құт мекенім» атты мерекелік іс-шара өтті #Алматы

/image/2022/11/01/crop-8_32_446x793_5f1831e45888bc7fd82ddf3ec56626aa.png

20 қазан күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Көк байрақты құт мекенім» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы Талғат Күзембаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен жастар қатысты.

Кеш барысында қонақтар алдағы Республика күні мерекесімен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев, Халықаралық конкурстардың лауреаты Рада Фламенко, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының дарынды түлектері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетсек, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің №307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін айқындады. Бұл мерекенің тарихи маңызға ие екендігін ескере отырып ағымдағы жылдың

29 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кинематография, мәдениет және мереке мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, осыған сәйкес Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар