Солтүстік Корея әдейілеп Оңтүстік Корея аумағына бірнеше зымыран ұшырған

/image/2022/11/02/crop-22_3_436x774__127476927_northkorea.jpg.webp
 

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның теңіз шекарасына қарай бірнеше зымыран ұшырған. Оңтүстік Корея президенті бұл инцидентті "басып кіру" деп бағалады.

ВВС дегерінше, Солтүстік Корея ұшырған шағын радиустағы баллистикалық зымыран Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласына 60 шақырымдағы теңізге құлаған. Корея республикасы бұған жауап ретінде теңіз шекарасы арқылы үш зымыран ұшырған.

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль КХДР әрекетін "аумаққа басып кіру" деп бағаласа, елдің басштабы оңтүстіккорей әскері мұндай арандатуға төзе алмайтынын, бұған АҚШ-пен ынтымақтаса отырып, қатаң түрде жауап қататынын мәлім етті.

Солтүстік Кореяның бұл қимылына Жапония да алаңдаушылық білдіріп, Оңтүстік Кореямен қатар ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысын шақырды.

Бұған дейін Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты бірлесіп өткізіп жатқан әскери оқу-жаттығуды дереу тоқтатуға шақырып, бас тартқан жағдайда қуатты шара қолдананынын айтқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар