Амнистияға іліну үшін кінәні мойындау талап етілмейді – Адам құқығы жөніндегі омбудсмен

/image/2022/11/03/crop-28_8_1045x1859_photo_105929.jpeg

Кеше президент қол қойған "Рақымшылық жасау туралы" заңға сай сотталғандардан мерзімінен бұрын босауы үшін кінәсін мойындау талап етілмейді. Бұл туралы адам құқығы жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімова мәлім етті.

Ал бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев заң күшінен енгенін, ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстар үшін сотталғандар босатылатынын жеткізді.

Әсет Шындалиевтің сөзінше, тергеліп жатқан азаматтар босатуға өтініш бере алады. 

Істі болғандар қашан бостандыққа шығатыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін рақымшылықтың басты шарттарының бірі айыпкер кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінуге тиіс екені айтылған. 

Амнистия лаңкестік жасады деп айыпталғандарға, экстремист деп танылғандарға, жемқорлық қылмыстарын, отанға опасыздық жасағандарға, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, азаптаушыларға, кәмілет жасына толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандарға қолданылмайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар